Ауылдастарым-Toregali Toreali

Ауылдастарым

时间:2024-08-08

    使用手机浏览器「扫一扫」

    在手机上保存,获得更好体验

标签
歌词

Төрт түлігін атамның өргізген ауыл,

Бай-кедейі теңесіп шенгізген ауыл.

Бір қолында адалдық, бір қолында жомарттық

Арқаланып қалаға кел бізбен ауыл

Аузынан кетпей адалдың дәмі,

Ұсындың қымыз-етіңді

Ауылда туған адамның бәрі

Ауылдастарым секілді

2. Қолда барын қалаға беретін ауыл,

Зейнетін біз, бейнетін көретін ауыл

Бір қолында айраны, бір қолында қаймағы

Арқаланып ақ әжем келетін ауыл

Аузынан кетпей адалдың дәмі,

Ұсындың қымыз-етіңді

Ауылда туған адамның бәрі

Ауылдастарым секілді

展开显示全部歌词