Еріксіз баурайды көздерің
Терең кетемін
Сұрағаныңның бәрін беремін
Міне гүлдерің
Сенің әлеміңе кіремін
Кім екеніңді білсем де білмедім
Бірімін
Жүздеген адамның бірімін
Бірімін
Тербейді мені толқындар
Мен жүрмін далада
Бәрі жақсы аманмын
Қолымнан ұста менің
Көрсетемін кіммін
Түйсіктегі інім
Қара түнек күнім
Күлкі менен үміт
Дүркіретіп тұр
Бірақ әлі де бүгінім
Анық және күлгін
Жүр менімен мен
Істі бағалаймын
Ешкімді алдамаймын
Жоқ ешқандай уайым
Міне менің вайбым
Ұнап тұрса кел
Ұнамаса кет
Уақыт деген қымбат
Нәрселердің бірі екен
Мен оны түсінбедім
Уақыт менің емім
Жоғалтқанның бәрі
Бірден естен шығып кетеді
Мен адамдарға
Уақытты бөлу дегенді
Маңызды нәрсе деп жүргем
Бірақ неге өзімді әрдайым
Ұмытып кете беремін
Ұмытып кете беремін
Еріксіз баурайды көздерің
Терең кетемін
Сұрағаныңның бәрін беремін
Міне гүлдерің
Сенің әлеміңе кіремін
Кім екеніңді білсем де білмедім
Бірімін
Жүздеген адамның бірімін
Бірімін
Еріксіз баурайды көздерің
Терең кетемін
Сұрағаныңның бәрін беремін
Міне гүлдерің
Сенің әлеміңе кіремін
Кім екеніңді білсем де білмедім
Бірімін
Жүздеген адамның бірімін
Бірімін
Қысқасын айтатын болсақ
Бәрі іздейді сөздердің мәнін
Топастықты емдейтін дәрі
Келтірсе жетеді сәнін
Көрсетші мінезің кәні
Сен мүлде басқашасың
Олардың айтатындары
Бізге маңызсыз тәлім
Сенің бұйра-бұйра шаштарың
Тартады қайта саған арнадым
Өзімді жаңа деммен қаладым
Тек қана сен үшін жаным
Еріксіз баурайды көздерің
Терең кетемін
Сұрағаныңның бәрін беремін
Міне гүлдерің
Сенің әлеміңе кіремін
Кім екеніңді білсем де білмедім
Бірімін
Жүздеген адамның бірімін
Бірімін