Ұмытылмас кез,
Жүректен өтті тез.
Айтылған бір сөз,
Жасқа толды көз.
Суық көңілден,
Сезілген ауыр дем.
Жаралы сезімім сұрайды бір ем
Бір сәтте қалай,
Керек болмай қалам?
Сенбей келемін
Жазылар деп бұл жарам.
Болып ең арман,
Кеттің қарамастан,
Қалай сенсіз мен жалғыз қалам?..
Сенші сен маған,
Сезіміңді бер маған!
Махаббатым,
Жүрегімді жаулаған!..
Жаным бөлексің,
Бәрі де бағым сен үшін.
Сенші маған,
Күн нұрындай керексің!
Мынау әлемде,
Қалғандай жалғыз.
Қараңғы бөлме,
Түндерім ұйқысыз.
Нәзік шлейф “Channel”
Қалды сенің бейнең.
Есімде әлі,
Жаным бәрі де!..
Асыл, Бағым!
Сені мәңгі сүйемін!
Сенші сен маған,
Сезіміңді бер маған!
Махаббатым,
Жүрегімді жаулаған!..
Жаным бөлексің,
Бәрі де бағым сен үшін.
Сенші маған,
Күн нұрындай керексің!
Сенші маған,
Сезіміңді бер маған!
Махаббатым,
Жүрегімді жаулаған!..
Жаным бөлексің,
Бәрі де бағым сен үшін.
Сенші маған,
Күн нұрындай керексің!