
在手机上保存,获得更好体验
Махаббат деген қандайды,
Қарасаң көзің ТАЛМАЙДЫ.
Сағынған жанға жете алмай
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.
Ғашықсыз өмір өмір ме?
Егілме, жаным, егілме,
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау, не дерсің мынау КӨҢІЛГЕ?!
Күлерсің дағы жыларсың
Жыларсың дағы шыдарсың
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?
Махаббат – өмір ғажабы,
Ал қызыл гүлдей ажары.
Сүйемін деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.