Мың
Мәрте құлатып
Сарнатып
Сынаса да, қинаса да
Жүз
Мәрте жылатып
Шаң аунатып
Ойын қылып, ойнаса да
Мен
Тағдыр сенен қорықпайым
Таласудан жалықпайым
Жеңілмеймін, берілмеймін
Тура жолдан қаймықпайм
Тағдыр сенен қорықпайым
Күресуден жалықпайым
Сынағыңды сыйлық көрем
Биік ұшып қалықтайым.
Ей,
Өмір қандай сын
Қандай сый
Ұсынсаңда, мен дайын дәйім
Күн ертең
Не беріп
Не алсаңда мен дайын дәйім