Jüregımnıñ ünı-Amira Lyric

Jüregımnıñ ünı

歌手:Amira Lyric

时间:2025-02-21

    使用手机浏览器「扫一扫」

    在手机上保存,获得更好体验

标签
歌词

Кете аласың

Саған айтарым да жоқ

Әр ойым жаныма атып жіберген оқ

Мен аш адаммын, алайда тәбетім жоқ

Мен аш адаммын, алайда тәбетім жоқ

Білемін, әркім өз тағдырының ұстасы

Үрей болмасын жүрегімнің иесі

Құстардай ұша алмасам шексіз аспанда

Еркін құлай берем үйреніп қалғанша

Жүрегімнің үні

Махаббатқа толы

Оны саған ашсам

Күйіп қалмаймын ба?

Үмітім қаттырақ

Сезімім қаттырақ

Сенімім қаттырақ

Қорқыныштан

Сиқыр әлемім

Шабуылға ұшырап жатыр

Ақ туды көтермеймін

Өзіңе қарсы күресу керек болса да күресемін, бірақ

Тыныштыққа жету үшін

Соғысу керек пе шынында?

Қара - Қолдарыңды қанға боядың ғой

Қара - Жаралардан гүлдер өсіп тұр ма

Шексіз әуенім - менің емім

Әлде қару ма?

Жүрегімнің үні

Махаббатқа толы

Оны саған ашсам

Күйіп қалмаймын ба?

Үмітім қаттырақ

Сезімім қаттырақ

Сенімім қаттырақ

Қорқыныштан

展开显示全部歌词