Сенген едім, тек өзіңді сүйдім,
Пәк сезімді тапсырдым бір өзіңе.
Ғашық болып, мен алдауыңа күйдім,
Ендігәрі көнбейм бос уәдеңе.
Жалғыздықпенен күресіп өтермін мен
Бітеу жара, салқындаған жүрегім.
Сені өзгеге қалай да қиямын мен,
Қош бол, мәңгі махаббатым.
2. Бұл өмірде сенейін енді кімге?
Ойран жүрегім мүлдем түңілді.
Кеудемдегі нұрымды өшірдің неге?
Қараңғы мұң басты көңілімді.
Жалғыздықпенен күресіп өтермін мен
Бітеу жара, салқындаған жүрегім.
Сені өзгеге қалай да қиямын мен,
Қош бол, мәңгі махаббатым.