Астана-Toregali Toreali

Астана

专辑:Айхай 25

时间:2024-08-07

    使用手机浏览器「扫一扫」

    在手机上保存,获得更好体验

标签
歌词

Серпіп тастап күдік-күмән бұл(ы)тын,

Жүрегіне иман жиған күні-түн.

Қазағымның бойтұмары ең, Астана -

Ұлтжанды ұрпақ үкілеген үмітін.

Көркің баураған,

Жанды жаулаған,

Көркейе бер, гүлдене бер, әсем гүл-қалам!

Жұпар аңқыған,

Шаттық шалқыған,

Көркейе бер, гүлдене бер, әсем гүл-қалам!

2) Ақ арманның шат мекені сыңайлы,

Нұрға оранған шаһар едің шырайлы.

Дүйім елдің дір еткізген көңілін,

Көркің қандай әдемі еді, ұнайды.

3) Көз тойдырар келбетің-ай көркем-ді,

Бал сезімнен тұла бойым өртенді.

Жалындаған жастық шақтың қаласы,

Келешегің кемел болсын ертеңгі!

展开显示全部歌词