Пайда-Toregali Toreali

Пайда

专辑:Пайда

时间:2022-04-22

    使用手机浏览器「扫一扫」

    在手机上保存,获得更好体验

标签
歌词

Бастық адамды әкім қалайды

Сазгер адамды ақын қалайды

Біреуге сенің септігің тисін

Себепсіз ешкім жақындамайды

Қарасаң ағаң, көкең де дара

Бермейсің олай бөтенге баға

Адаммен адам араласады

Қажеттілігін өтеуге ғана

Қымбат достықты қалаған бұрын

Тіршілік деп жүр әр адам бүгін

Алыс адамдар жақындап жатса

Пайдаларына жарағандығың

Бақытқа қарай бастағандарды

Басқаға байлап тастаған мәңгі

Жаманның бағын Жаратқан ашар

Себепкер қылып жақсы адамдарды

Сараңға сынақ төтеннен ерсе

Көпшілікпенен көтерген еңсе

Адал досыңмен бір атқа мінгес

Есегі судан өтем дегенше

Сырласа бермей санаңмен ғана

Ақылдасып қой далаңмен дана

Пендеден пенде айнығанменен

Адамның күні адаммен ғана

展开显示全部歌词