Бәйге-1-Toregali Toreali

Бәйге-1

专辑:Бәйге-1

时间:2024-07-20

    使用手机浏览器「扫一扫」

    在手机上保存,获得更好体验

标签
歌词

Құлағын тұр қайшылап қазан аттарың,

Бақ пен бабы сай келсе, озады аттарың.

Ал, бұйыртып бəйгенің алдынан келсең,

Көкке лақтыр бөркіңді, азаматтарым!

Ал қиқуда, шаң шығып, қара көрінді,

Арғымақтар алдына дара бөлінді.

Топырақты төңкеріп тарлан жануар,

Қайыстырып келеді қара жеріңді.

Қайырмасы:

Айқайла, пай-пайла,

Думандатып той тойла!

Шаңға бөкті айнала,

Алда кетті қай бала?

Бас, бас, бас қамшыңды,

Тоқтама!

Шашасына шаң жұқпай, шаршамай дара,

Дүбірінен дүрлікті əн сарай - дала.

Əне кетіп барады жалға жабысқан,

Желмен бірге жарысып қаршадай бала.

Үй де... Шап... Бас қанекей...

Қаның ойнап мұндайда, жаңғырар кеуде,

Жүлдеңді ал, бəйгенің алдынан кел де!

О, Жаратқан, баланы сақтай көр өзің,

Тұлпарды да тұяқтан қалдыра көрме!

展开显示全部歌词