Белестерің әлі алда
Алынбаған ай-хоу,
Жасытпасаң жігерді
Жалындаған, ой дүние-ай!
Жсенсең күшіңе-ай
Арындаған ай-хоу,
Арманыңа жылдарың
Адымдаған ой дүние-ай!
Арман-ай, арман-ай,
Алдан шықшы алдамай!
Тыныш болсын әр жүрек,
Күліп атсын таңдар-ай!
Сәттер-ай, сәттер-ай,
Сәттер қандай тәтті ең-ай,
Күш бер жасар әрекет,
Соған сәйкес бақ бер-ай!
Таңдау мен алдыңдағы
Жолдар барда ай-хоу!
Алданбашы, сенбе көп
Қолдауларға ой - дүние ай!
Жүрегімен жанашыр,
Адамдар аз ай-хоу!
Апарады әр асу,
Армандарға ой-дүние ай!
Арман-ай, арман-ай,
Алдан шықшы алдамай!
Тыныш болсын әр жүрек,
Күліп атсын таңдар-ай!
Сәттер-ай, сәттер-ай,
Сәттер қандай тәтті ең-ай,
Күш бер жасар әрекет,
Соған сәйкес бақ бер-ай!
Арман-ай, арман-ай,
Алдан шықшы алдамай!
Тыныш болсын әр жүрек,
Күліп атсын таңдар-ай!
Сәттер-ай, сәттер-ай,
Сәттер қандай тәтті ең-ай,
Күш бер жасар әрекет,
Соған сәйкес бақ бер-ай!